• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:08:43
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  "Комосмольская правда" газетіне берген сұхбатында елде ешқандай қосбиліктің жоқ екенін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Газет журналисті президентке "Сіз Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын ауыстырғалы бір жылдан аса уақыт өтті. Бірақ ол үлкен саясаттан кеткен жоқ. Кейбір саясаткерлер Қазақстандағы қосбилік туралы айтуда" деген сауал тастаған-ды.

Тоқаев Назарбаевтың тарихи орнына тоқтала келе, Қазақстандағы қосбилікті теріске шығарды.

– Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев заманауи Қазақстанның негізін қалаушы, тарихи әлемнің кескіні. Жақын арада біз ол кісінің 80 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Әрине, ол кісінің ерен еңбегін халықтың алдында және халықаралық кеңістікте айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу өте маңызды, бұл біздің мемлекеттің нығаюына қажетті дүние. Елімізде ешқандай қосбилік жоқ, бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бірнеше рет айтып, президент айналасына шоғырлануға шақырған болатын, – деп жауап қайтарды президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір