• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:46:55
+35°

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елдің иммиграциялық ережелерін өзгертіп, Гонконгтағы миллиондаған адамға  Біріккен Корольдіктің «азаматтығына жол» ұсынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

The Times газетінің жазуынша, Борис Джонсон Ұлыбритания аймақпен байланысын сақтап қалу керек екенін, басқа амал жасай алмайтынын айтқан.

Қытай билігі Гонконгқа жоспарлаған заңына қатысты сынға қатты ұшырауда.

Бейжің қабылдаған жаңа заңдарға байланысты Гонконгтың көптеген тұрғындары бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан.

Егер Қытай жаңа заң қабылдаса, Ұлыбритания ол туралы не істеу керектігі жайында одақтастары АҚШ, Австралия сияқты елдермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Ұлыбритания премьер-министрі сәрсенбі күні The Times газетіне берген сұхбатында Қытай заң қабылдаған жағдайда британияның ұлттық төлқұжаты бар Гонконгтағы адамдар Ұлыбританияға 12 айға визасыз кіре алатынын растаған. Қазір оларға алты айға рұқсат етілген.

Бүгінде Гонконгта шамамен 350 мың адамда аталған төлқұжат бар, бірақ өзге 2,6 миллион гонконгтық та осы төлжұжатты ала алады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір