• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:28:46
Алматы
+35°

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев президент көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңызына тоқталды. Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.

Өз кезегінде Әсет Исекешев коронавирус эпидемиясына қарсы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстанның тұңғыш президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, әскери, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметі бойынша мәселелер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешенінің даму перспективалары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір