• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:18:16
Алматы
+35°

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150  мерейтойы аясында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150  мерейтойы аясында «Түлектер күні» аталып өтті. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын дәстүрлі түрде «Түлектер күнін» атап өтеді. Осы жолы онлайн форматта өткізілді. Факультетте кездесуді жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е.Жаппасов, барша университет және факультеттің ұстаздарын, сондай-ақ факультетімізді бітірген түлектерге құттықтау жылы лебізін білдірді. Кездесудің барысында факультетіміздің деканы Ж.Е.Жаппасов жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің (бұрынғы шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің) ашылғанына 35 жыл, Әбу Насыр әл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты мерекемен кездесуге келген қатысушыларды құттықтады. 

Бұл мерекелік шараның мақсаты – университет қабырғасынан білім алып, түлеп ұшқан жастарымыздың еліміздің әр саласында (әлеуметтік, ғылым, білім, рухани, т.б) өз үлестерін қосып, ел дамуындағы өнегелі істерін ізбасарларына үлгі ету, насихаттау, жол көрсету, қамқорлық жасау. Бұл шара әлемнің екінші ұстазы атанған, Әл-Фараби бабамыздың 1150 және Ұлы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналды. Атаулы шара университет ректоры Ғ.М. Мұтановтың және «Түлектер Қауымдастығының» Президенті Қ.Ә.Мәмидің құттықтау сөздерімен ашылды.  Одан әрі жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің, жоғары оқу онына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі М.С.Мырзабековтың құттықтау сөзімен, сондай-ақ кездесудің маңыздылығына тоқталды. 

Университеттің барлық факультеттерінде, барлық кафедраларында атқарылатын бұл шара - шын мәнінде  маңызды іс шара.  Бұл шараның маңыздылығына тоқталсақ, жыл сайын осы оқу орнын бітіріп, қоғамға білімі мен еңбегін беруге аттанған түлектер 5 жыл, 10 жыл, 15 жыл және 20 жылдан кейін өзі білім алған университетіне келіп, ұстаздарымен қауышып, биыл оқу бітіріп жатқан жастарға өз жетістіктерін, өз өмір жолын үлгі ете отырып, ақ жол тілейді, қайырымдылық көмектер жасайды. Кездесуге келген, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің түлектері де еліміздің әр саласында өз үлестерін қосып жүрген азаматтар.  Олардың қатарында «Қамшы kz» ақпараттық  порталының директоры Біләл Қуаныш, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұржұма Елесбай, белгілі әнші, сазгер Ұшқын Жамалбек, белгілі өнертанушы, драматург Әннес Бағдат, ақындар Жақсылық Қажымұрат, Гүлден Әзілбек, Асқар Әкімбек  тағы басқа түлектер қатысты. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дәрісханасы ауқымы кең, әлемнің әр түкпірінен келіп білім алып жатқан жастардан тұрады. Біздің факультетте шетелден келіп білім алып жатқан қазақ жастары өте көп. Сондықтан біз өз университетімізді ұшырған түлектеріміз арқылы төрткүл дүниеге танытып, білім мен ғылымның өрісін кеңге жайып жатқан факультеттің бірі болып отырмыз.  Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркменстан, Түркия, Корея, Жапон, Германия, Ұлыбритания, Швеция, т.б елдерден келіп білім алып, қазақ тілі мен тарихын, мәдениетін үйреніп, риза болып аттанған қаншама шетелдік түлектеріміз де бар.  Солардың бірі Ауғанстан Ислам Республикасының мәдениет және ақпарат бөлімінің басшысы, 2010 жылғы түлегіміз Рахимулла Хугяни қатысты.  Кездесуде түлектердің құттықтау бейне жазбалары, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жетістіктері туралы слайдтар, фотолар көрсетілді.  Кездесуде факультеттің және кафедраның ұстаздары атынан профессор Қ.А.Аққошқарова түлектерге өз жылы лебізін білдірді. Ал биылғы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасын бітіруші шәкірттердің атынан Гүлден Көпшікбай Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаса, Жандос Құмарбек келген қонақтарға алғыс білдірді.  

Түлектерге арналған кездесудің шымылдығын «Армандастар» әнімен жапты. Модератор Жанна Сайынқызы келген қонақтарға толағайлы табыс тілеп, өз алғысын білдірді.  Осы кездесуде барлық жағынан бағыт-бағдар беріп, түлектерді университетіміздің үлкен арнасына тоғыстырып отырған университет басшыларына алғысымыз шексіз. Түлектер кездесуі - өздері білім алған ыстық ұясына деген сағыныш пен құрметтің белгісі. Білім алған оқу орындарына ел азаматы болып оралып, тұлға болып қалыптасқанын қоғамда атқарып жатқан нақты істерімен көрсетеді. Арттарынан еріп келе жатқан іні-қарындастарына  үлкен өмір жолында дұрыс жолды таңдауда үлгі болады. Онлайн түрде өткен салтанатты жиын өз мақсатына жетті деп айта аламыз.

gfrh

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың университет түлектерін құттықтау сәті

fref

Модератор: Әділханова Жанна Сайынқызы барлық түлектерді кездесу келулерімен құттықтау сәті

dfe

Факультет деканы Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы университет басшылары мен ұстаздарды, барша түлектерді мерекемен құттықтау сәті

bgt

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қ.Ә.Мәмидің құттықтау сәті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары оқу
орнына дейінгі білім беру факультеті
деканның оқу-әдістемелік және тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б.Әмірханов

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҚазҰУ түлектер күні

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір