03 Маусым, 2020 NEWS

Алматыда жас түлек "Алтын белгісін" сатылымға шығарды

Qamshy.kz

Алматы қаласы мектептерінің бірінде 11 жыл оқып, бүгін ғана бітіргені туралы куәлік алған оқушы өзінің "Алтын белгісін"  200 мың теңгеге сатпақшы. Жас түлік OLX сату-алу қосымшасына "Алтын белгісін" сататын туралы хабарландыру жариялаған. 

"Алтын белгіні" бүгін ғана алдым (2020 жыл), шынайы белгі, дәлелдей аламын (құжаттары бар), салмағы – 23 грамм, егер қызықтарып жатса, жазыңыздар" делінген хабарландыруда.

Жас түлек жарнамасы

 

 

Қамшы тілшісі "Алтын белгісін" сатылымға шығарған жас түлекпен WhatsApp мессенджері арқылы сатып алушы ретінде хат алмасып көрді. 

– "Алтын белгі" қолымда тұр. Бүгін ғана алдым. Ақша керек болып тұр, оның үстіне бұл төс белгінің қажеті шамалы. Білім адамның өзінде болса жеткілікті емес пе. Небәрі 30 минуттың ішінде екі адам хабарласып, қызығушылық танытты, бағасын 170 000 теңгеге түсіріп бере аламын, – дейді «Алтын белгі» иегері.

Алтын белгі

11 жыл бойы үздік оқып, оқушылардың алдыңғы қатарында болып, бітірген сәтте алған марапатты, яғни "Алтын белгіні" сату қаншалықты заңды? Осы мәселе бойынша Qamshy.kz ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігіне ресми сауал жолдады.

♦Оқи отырыңыздар: Министрлік "Алтын белгіні" сату мәселесін мүлдем құптамайды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір