14 Мамыр, 2020 NEWS

Алматы облысынан Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек керуені жетті

zhetysu.gov.kz

Алматы облысынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары үшін жүк көліктерімен гуанитарлық көмек жеткізілді.

15 жүк көлігі керуенімен 260 тонна азық-түлік пен құрылыс материалдары апарылды. Соның ішінде 18 тонна ұн, 7 тонна күріш, 3630 литр күнбағыс майы, 6 тонна макарон өнімдері, 500 кг арпа жармасы, 4,5 тонна қант, 548 қорап шай, сол сияқты 6 мың шарты метрлік құрылыстық ағаш материалдары, 100 тонна цемент, 20 мың кірпіш, 90 қап құрылыс қоспасы, 15 тонна гипсокартон, 10 тонна құрғақ қоспа бар.

«Алматы облысы әкімінің бастамасымен гуманитарлық көмек ұйымдастырылып, оған өңір кәсіпкерлері мен кәсіпорындары атсалысты. Соның нәтижесінде 260 тонна бірінші кезектегі қажетті заттар мен мақтааралдықтар үшін аса маңызды құрылыс материалдары жиналды. Сонымен қатар Жетісу керуенмен бірге облыстың еріктілері де келді. Олар елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарына көмектеседі», - деді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев.

Сол сияқты облыстық әкімдік өкілдерінің айтуынша, құрылыс материалдарын өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі «Knauf» компаниясы Мақтаарал ауданындағы әлеуметтік нысандардың бірін қалпына келтіру үшін өзі өндірген жылуұстағыш пен құрылыс қоспаларын көмек ретінде береді.

Өз кезегінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов осындай қиын шақта қол ұшын созып, көмек жасаған жетісулықтарға ризашылығын білдірді.

Ілмек сөздер: гуанитарлық көмек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір