• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:50:37
Алматы
+35°

Шымкентте орта мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді бастады.

– Ол 2020 жылғы 27 мамырда аталған мектептің әлеуметтанушысынан еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу және жалақысын аудару үшін 40 000 теңге алуға қатысты күдікке ілінді, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

– Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы аясында өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деп атап өтті тергеуші.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір