• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:08:12
Алматы
+35°

04 Маусым, 2020 NEWS

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы "Жетісу" телеарнасына басшы болып тағайындалды

2014 жылдан бастап Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры қызметін атқарған Бейсен Құранбек 18-ші мамыр күні дүниеден озған болатын

көрнекі сурет

Журналист Серік Әбікенұлы Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында жариялады.

"Ал, міне жақсы жаңалығым!
Серік Әбікенұлы Сарыбай "Жетісу" телеарнасының директоры болып тағайындалды.
Бейсекеңмен бірге бастаған істі жалғастырып, арнаның даму жолы Секеңнің басшылығымен жалғаспақ" делінген Ғалымұрат Жүкелдің жазбасында.

Серік Әбікенұлы бұған дейін "Жетісу" телеарнасының бас директоры қызметін атқарып, жуырда өмірден озған белгілі журналист Бейсен Құранбектің бірінші орынбасары болған.

Сондай-ақ ол «Парасат» журналының бас редакторы, «Алматы» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір