• USD 410.7
  • EUR 465.28
  • RUB 5.8
  • CNY 58.81

04 Маусым, 2020 NEWS

Депутат жер аты қазақты қырған қызыл әскердің атымен аталып келгенін айтты

YouTube.com

Мәжіліс отырысында "Ақжол" фракциясының депутаты Берік Дүйсембинов премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында қазақ-қытай шекарасындағы жер аты қазақты қырған қызыл әскердің атымен аталып келгенін айтты. Депуатттық сауалдың мәтінін Қазыбек Иса өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

"Ақжол" фракциясы депутаттары атынан жолданған сауалда Берік Дүйсембинов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін арнаулы комиссия құру туралы тапсырмасын қолдайтынын мәлімдеді.

Жақында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтілгенін тілге тиек еткен депутаттың айтуынша, тарихшылардың деректеріне сәйкес қазақ даласында кемінде 300 көтеріліс болған.

– Аталарымыздан бізге жеткен естеліктер бойынша, бас көтерген қазақ руларын большевик әскерлері артиллериямен атқылап, қашып бара жатқан ауылдарды аэропланмен бомбалап, шекарада ұсталған қорғансыз босқындарды пулемётпен бала-шағасымен қоса, қойша кырған. Мысалы, шығыстағы қазақ-қытай шекарасындағы атақты «Ақ-найман қырғыны» деген қанды оқиға ел есінде сақталса да, ресми түрде әлі мойындалмаған; ал осы заставаның аты бертінге дейін сол қырғынды тікелей басқарған қызыл әскердің атымен аталып келді. 2012 жылы «Қарасу» шекара пунктінің құрылысы кезінде, Шу өзеннің жағасынан жергілікті қариялардың айтуынша 30-ші жылдары атылған әйелдер мен балалардың топталып жатқан сүйектері табылды. Осындай тарихи ақтаңдақтар Ертіс пен Шуда ғана емес, Жетісу мен Сыр бойында, Каспий өңірінде де орын алған, – деді Берік Дүйсембинов. 

 

Ілмек сөздер: Депутат жер аты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір