• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:10:37
Алматы
+35°

Шымкентте төбелестен кейін қайтыс болған 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысы болуы мүмкін адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. 

Полиция күдіктінің кәмелет жасына толмағанын хабарлады. Бұған дейін сұхбат бермей келген құқық қорғау органының өкілдері бүгін арнайы брифинг өткізді. Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетов бұл қылмысты өз бақылауына алғанын жеткізді.

Айта кетейік, жәбірленуші тарап өздеріне 20 адам жабылғанын айтқан. Бірақ бүгін құзырлы орын өкілдері бұзықылардың саны тоғыз деп отыр. Полицейлер төбелеске қатысқан бес күдіктінің қамауда отырғанын, өзгесі ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылғанын мәлімдеді. 

– Еңбекшіқазақ полиция басқармасы 3 маусымда балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, – деді Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов.

Сонымен қатар, дәрігерлерге қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Департамент бастығы бұған марқұмның туыстарының әлеуметтік желілерде дәрігерлер ісіне көңілі толмайтынын айтқан жазбалары негіз болғанын дәйек қылды. Еске салайық, Шымкенттің іргесіндегі Маятас ауылының кәмелет жасына толмаған балалары арасындағы кикілжіңнен бір отбасы қара жамылды. 17 жастағы бозбала басынан алған ауыр соққыдан он күндей ес-түссіз жатып, аурухана көз жұмды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір