• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:46:23
Алматы
+35°

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы президент Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру туралы тапсырмасы тарихи әділдікті орнатуға сеп болады деген пікірде.

– Мен бұған дейін де осы мәселені тереңірек зерттеу керектігін айтып, пікір білдіріп жүрдім. Президенттің бұл мәлімдемесін қос қолдап қолдаймын дегім келеді. Қазіргі уақытта ашаршылық кезінде қаза тапқан адамдардың саны да нақты емес. Біреу 1 млн дейді, енді бірі одан да көп деп жатады. Ең алдымен қанша адамның қаза тапқанын білуіміз керек. Бұған дейін де архивтер ашылып, зерттелуі керек еді. Украина ашаршылық кезіндегі мәліметтердің барлығын дерлік зерттеп, біліп алды. Біз шежірелерімізді зерттессек көптеген мәлімет жинаймыз деп ойлаймын. Енді Қазақстан алдағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тарихи әділдік орнайды деп сенеміз, – дейді Берік Әбдіғалиұлы. 

Сондай-ақ саясаттанушы тарихи ғылымдардың докторы Дархан Қыдырәлінің "ашаршылық құрбандарын еске алатын арнайы күн белгіленгені жөн" деген бастамасы өте орынды екенін айтты.

– Бұл да құптарлық ұсыныс. Ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихи тұрғыда жақын уақытта болғанымен, екеуін екі бөлек қарастырып, зерттесе құба-құп болар еді. Өйткені екі мәселе де терең үңілуді, ақтаңдақтарды ашуды қажет етеді. Соның ішінде халқымызға үлкен нәубет болған ашаршылықтың шындығын толықтай ашу, Қанша қазақтың қаза тапқанын анықтау – кезек күттірмейтін мәселе, – деп сөзін түйіндеді қоғам қайраткері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір