• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:52:30
Алматы
+35°

"Қытай мен Үндістан шекарасына екі елдің әскери күштері жиналды, бүкіл әлем бойынша дабыл қағылуда. Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі төніп тұр" деп жазды британиялық Daily Express басылымы. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды. 

Әскерлерді орналастыру ауқымы туралы ресми растама болған жоқ, бірақ "Қытай Халықтық азаттық армиясы Тибет үстіртінің биік аудандарында жұмыс істеуге бірнеше жетілдірілген қару-жарақ жүйелері мен жойғыш ұшақтар жіберді" деген болжам бар.

"Үнді армиясы шекара маңындағы Ладах қаласында орналасқан жаяу әскер дивизиясынан бірнеше батальондарды шекара бойындағы жедел дайындық аймағына көшірді" делінген хабарламада.

Басқа аудандардан да әскери күштер жұмылдырылған.

Даулы территорияларға талас екі жақтың да шекаралық аумақта әскерлерін күшейтуге себеп болуда. Өршіп бара жатқан қайшылық ірі әскери қақтығысқа әкелуі мүмкін. Кейбір жаһандық қорғаныс сарапшылары аймақтың бейбітшілігіне кепілдік жоқ екенін ескертеді.

Гонконгтық әскери сарапшы Лян Гуолиангтың айтуынша, Бейжің тарабы жаяу әскер, артиллерия, әуе қорғанысы, авиация күштерімен қоса, химиялық, ядролық және электронды соғыс саласындағы мамандардан тұратын кемінде тоғыз құрама топты орналастырған.

Бір ай бұрын Үндістан мен Қытай шекарасындағы Галван өзенінің алқабында екі жақтың сарбаздары арасында төбелес, тас атыс болып, қақтығыс орын алған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Үндістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір