• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:37:09
Алматы
+35°

АҚШ пен Тайвань әскери күштерінің бейсенбідегі ақпараты бойынша, АҚШ соғыс кемесі Тайвань бұғазы арқылы жүзіп өткен. Алайда Бейжің Тайвань бұғазын "Қытайдың территориясы" деп есептейді. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.    

Бейсенбі күні "Тяньаньмэн оқиғасы" деп аталатын демократиялық наразылықтың  31 жылдығын еске алу күні болған.

– "Тяньаньмэн оқиғасын" атап өту күнінде АҚШ соғыс кемелерінің Тайвань бұғазынан өтуі Бейжіңді ашуландыруы мүмкін, – деп жазды британиялық басылым. Тайвань Қорғаныс министрлігі әскери кемелер бұғазды кесіп өткенін растаған.

Тайвань қарулы күштері кемені «әдеттегі миссияда» деп сипаттады.

АҚШ-тың Тынық мұхит флоты өздерінің ресми Facebook парақшасында соғыс кемесінің "USS Russell" кемесі екенін жариялаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір