• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:18:47
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстан облысында мектеп жоқ 228 ауылдық елдімекен бар. Онда 3497 мектеп жасындағы бала тұрады. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстандағы білім саласы сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Болат Атыбай мәлім етті.
 
–  Балаларды оқытумен қамту мақсатында 2 804 оқушы тасымалданады, ал 693 оқушы мектеп жанындағы интернаттарда тұрады. Балалар күнделікті тасымалданады. Осы мақсатта 165 мектеп автобусы пайдаланылады, – деді Болат Атыбай.
 
Шығыс Қазақстандағы білім саласы сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысы орынбасарының айтуынша, балаларды қауіпсіз, сапалы тасымалдау мақсатында жыл сайын автобус паркі жаңартылады. Мәселен, 2016 жылдан бастап облыстық бюджеттен 44 автобус сатып алынды.
 
– Биыл облыстық бюджет есебінен 22 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде Абай ауданына – 1, Аягөз ауданына - 2, Бесқарағай ауданына – 1, Бородулиха ауданына – 2, Жарма ауданына – 1, Алтай ауданына – 1, Күршім ауданына – 1, Көкпекті ауданына – 2, Ұлан ауданына – 2, Үржар ауданына – 7, Шемонаиха ауданына - 2 автобус беру жоспарда бар, – деді Болат Атыбай.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мектеп ШҚО автобус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір