• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:47:37
Алматы
+35°

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қиындауын (нашарлауын) болдырмауға жауапты қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әлі де жалғасып келе жатқан коронавирус пандемиясының жағдайында соңғы кездері әлеуметтік желілерде таралып жүрген көпшілік шаралар мен митингтерге шақыруға жол бермеу керектігін атап өтті.

“Әлі де жалғасып келе жатқан эпидемия жағдайында қалада адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру үлкен жауапсыздық болмақ”, - деп атап өтті Ж.Бекшин.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамдардың тығыз орналасуы мен азаматтардың жақын байланыс жасауы олардың ауруды жаппай жұқтыруларына әкеліп отыр. Көптеген қалалар мен елдерде осындай жағдай орын алған.

“Митингтер мен көпшілік жиындар адамдардың ауруды кең көлемде жұқтыруына әкеледі. Егер осындай жиындар жұқтыруға әкеліп соғатын болса, митинг ұйымдастырушылар заң алдында жауап береді, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін”, - деді Ж.Бекшин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір