• USD 410.7
  • EUR 465.28
  • RUB 5.8
  • CNY 58.81

05 Маусым, 2020 Атырау облысы

Атырау облысының кәсіпкерлері бас көтерді (видео)

Басты талап – базарлар мен сауда орталықтарының ашылуы

Сауда орталығы

Атырау облысы Құлсары қаласының орта және шағын бизнес өкілдері Жылыой аудандық әкімдігінің алдына жиналды. Олардың басты талабы – базарлар мен сауда орталықтарының ашылуы.

Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері Т.Хабибуллиннің қаулысымен карантин жағдайы 18 маусымға дейін ұзартылған. Қаулы сауда нүктелерінің жұмысын реттейді. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуы үшін сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.

"Бұл шешім ауданымызда коронавирус індетінің таралуына байланысты қабылданып отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, Теңіз кентінде 1013 адамнан COVID-19 анықталған. Жылыой ауданының елді-мекендерінде 43 адам тіркелген. Оның 33-і Құлсары қаласында. Естеріңізге сала кететін болсақ, жақын күндері ғана Жылыой ауданынан екі жағдай анықталған болатын. Қазіргі таңда Құлсарыда жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кездесуге Жылыой ауданының әкімі мен бас санитарлық дәрігері қатысып жатыр. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың тапсырмасымен Жылыой ауданына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев бара жатыр" деп мәлімдеді Атырау облысының баспасөз қызметі.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

#live ?Құлсары орталық алаңы

Публикация от QULSARY | QAZAQSTAN | 06?? (@zellokulsary)

Ілмек сөздер: атырау со

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір