• USD 409.19
  • EUR 461.24
  • RUB 5.67
  • CNY 58.26

05 Маусым, 2020 NEWS

Алматыда жасыл қорды сауықтыру бойынша жұмыстар жалғасуда

astana-akshamy.kz

Ағымдағы жылы 265 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Облысқа шекаралас орналасқан Наурызбай және Алатау аудандарына бірінші кезекте ерекше назар аударылатын болады.

Қаланың Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша 2019 жылы #JasylAlmaty акциясы аясында 135 мың жасыл желек отырғызылды. Ағаштар көпшілік жиналатын аумақтарға, оның ішінде мектептердің, ауруханалардың айналасына, «Мохнатка», «Көктөбе» тауларының бөктерлеріне, Атакенттің, Атлеттер ауылы мен «Алатау» театрының алаңдарына егілді.

Салыстырмалы тұрғыдан қарасақ, ең жасыл елді мекен Медеу ауданында 472-мыңнан астам ағаш бар екен. Ал, Наурызбай және Алатау аудандарында шамамен 202 мың және 179 мың ағаш өсіп тұр. Жасылдандыру бойынша екінші орынды Түрксіб ауданы иеленген, мұнда ағаш саны 431,5 мың түп. Үштікті Бостандық ауданы қорытындылайды.

Мамандар мұндағы 380 мың түп ағашты санап шықты. Әуезов ауданындағы ағаштар саны 100 мыңға кем, яғни 255 мыңға жуық. Жетісу ауданында 220 мыңнан астам, ал Алмалы ауданында 213 мың ағаш бар.

Айта кетерлігі, ағаштар санының құрамына тек көпшілік қолданатын жердегілер ғана еніп отыр. Бұл құрамға жеке аумақтардағы, зираттардағы, республикалық маңызы бар жерлердегі жасыл желек қосылмаған.

Қалада барлығы 2,352 млн ағаш бар. Олардың ішінде сауығып,жапырақтарын кеңге жайғандары 1,8 млн немесе 76,5 пайыз. Сондықтан ағаштарды зиянкестерден қорғау және сауықтыру үшін өңдеу жұмыстары жүруде. Препараттар ағаш жапырақтарын кеміретін және сорып тастайтын зиянкес құрттардан қорғауда. Бұл өңдегіш заттар - ұзақ мерзімді әрі қоршаған ортаға қауіпсіз.

– Жасыл желекті өңдеу жұмыстары қорғаудың биологиялық, қажет болған жағдайда химиялық әдіспен іске асуда. Өңдеу жүргізер алдында 5-7 күн ішінде зиянкестердің даму фенологиясына, түрлі зиянкестерден таралуына мониторинг жүргізіледі, – деп хабарлады қаланың Жасыл экономика басқармасынан.

Жасыл желекті өңдеу жұмыстары 23.00-ден 5.30-ға дейін жүргізіледі. Бүгін Алматының жасыл қорын өңдеудің ІІ кезеңі басталады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір