• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:28:22
Алматы
+35°

«Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын»,- деді елбасы Н.Ә. Назарбаев.

2019 жылы Жастар жылы деп жариялау жаңа әлеуметтік саясатын іске асыру компоненттерінің бірі болып табылады. Оның мәні мемлекеттің жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және қоғамның әл-ауқатын арттыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың даму және оларды қолдау мақсатында іс-шаралар жүргізу және бағдарламалар әзірлеу керек екендігіне ерекше көңіл бөліп келеді, себебі мемлекеттің бөлашағы дәл осы жастар болып табылады. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Қазақстанға білімді, креативті, сенімді жастар – өз Отанын дамыту үшін қызмет етуге дайын, болашақ көшбасшылар қажет. Алайда, мұндай ұрпақты тәрбиелеу үшін, ең алдымен, жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалуы тиіс. Осылайша, осы бағытта білім беру бағдарламалары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру бағдарламалары іске асырылатын болады. Сондай-ақ, жастардың бастамалары мен инновациялық жобаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жастар жылы аясында нақты мақсаттар мен жаңа жоспарлар қойды. Біздің ЖОО-да сегіз түрлі студенттік ұйымдар осы жоба аясында жұмыс атқаруда. Бұл университеттің академиялық саясаты, оқу үдерісі, дарынды жастарды қолдау, олардың мәдениет, экология, рухани тәрбие саласындағы ғылыми және волонтерлік қызметі. Сонымен қатар, бізде республикалық және халықаралық деңгейдегі шағын құрылымдар жүзеге асырылуда. Студенттерге бүгінгі таңда мемлекет, университет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды тапсыра отырып, Қазақстанның осы бағыттағы тәжірибесі жеткілікті екенін сеніммен атап өтті. "Ғалым-педагогтар оқушылар сыни ойлау, коммуникация, коллаборация мен креативтілікті дамытуы тиіс деп есептейді. Адами капиталды инвестициялау мемлекеттің ең табысты салымы болып табылады", - дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн оқытушылар да жастарға қолдау көрсету жолында жалынды еңбек етеді.

Философия және саясаттану факультеті,
жалпы және қолданбалы
психология кафедрасының
профессоры Н.С. Жұбаназарова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір