08 Маусым, 2020 NEWS Өзгерту
sputniknews.kz
Елордада көпбалалы аналар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында "үндемейтін" пикет өткізді.
Пикетке қатысушылар медициналық бетперде киіп, оған қызыл бояумен "сөйлемейміз" деген белгі салған.
15 әйел бірнеше плакатқа өз талаптарын жазып қойды. Оның ішінде бастапқы жарнасыз және жалдамалы баспана беру, мұқтаж халықтың кредитін кешіру сияқты нақты талаптар бар.
Бұдан бөлек, көпбалалы аналар вакцинаға қарсы екенін білдірді. "Аштық жариялаймыз!" деген плакат та бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Көп оқылғандар
Пікір қалдыру
пікір