• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:24:53
Алматы
+35°

08 Маусым, 2020 NEWS

Алматы облысында блокбекеттер қойыла ма?

Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдар жабылады

Көрнекі сурет

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, Алматы облысында блокбекеттер орнатылмайды. Осы төңіректегі мәселе жүзу маусымы 13 маусымда басталуына байланысты қозғалған. Өткен демалыс күндері біз Қапшағай су қоймасы жағалауында адамдардың көп шоғырланғанын байқадық, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдар жабылады.

– Жетіген жақтан келетін жолға бір мобильді пост қойылады. Онда полиция қызметкерлері тұрады және су қоймасына іргелес жатқан тас жолда екінші пост болады. Қалған жағдайда бәрі бұрынғыдай қалыпта жұмыс істей береді, –  делінген әкімдік таратқан мәлімдемеде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір