• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:48:10
Алматы
+35°

09 Маусым, 2020 Әлеумет

ДДСҰ директоры мәлімдеме жасады

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде жағдай ушыға бастағанын көріп отырмыз

ДДСҰ директоры

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирус инфекциясының өршіп бара жатқаны туралы мәлімдеме жасады. 

– ДДСҰ 7 миллион адамның инфекция жұқтырғанын, 400 мың адамның осы індеттен қаза тапқанын анықтады. Жағдай еуропада тұрақтала бастағанымен әлемдік деңгейде ауыздық бермей тұр. Он күн ішінде 100 мың адамнан инфекция табылған. Кеше әлемде тәуліктік рекорд жаңартылып, 136 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деді ол.
 
Оның айтуынша, 136 мың науқастың 75 пайызы Америка мен Оңтүстік Азиядағы 10 елге тиесілі.
 
– Африка елдерінде коронавирус инфекциясының таралуы күшейіп келеді. Сонымен қатар, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде жағдай ушыға бастағанын көріп отырмыз, – деді ДДСҰ директоры. 

Әлемде коронавирус инфекциясын 6 931 000 адам жұқтырып, 400 857 адам қаза тапқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ддсұ коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір