• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:59:50
Алматы
+35°

Жұмыспен қамту мәселесі халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді. Алматы әкімдігі халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы бойынша 17,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 13,9 мың адам тұрақты жұмыс орындарына, 5,9 мың адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастырылды, уақытша жұмыс орындарында - 3,4 мың адам. Оның ішінде:

Әлеуметтік жұмыс орындарына - 718 адам.
Жастар практикасы - 156 адам.
Қоғамдық қызмет - 2571 адам.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасы бойынша 26 мың жаңа жұмыс орны құру жоспарлануда.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандар салу арқылы шамамен 2,1 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір