• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:43:43
Алматы
+35°

Қазақстан Ұлттық банкі 10 маусымнан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналымнан шығатынын хабарлады.

Алайда ескі және жаңа үлгідегі банкноттар қатар қолданыла береді. Ескі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабына қайшы келеді.

Банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.

2020 жылғы 10 маусымнан кейін (кезең аяқталған соң):

  • Екінші деңгейдегі банктер қатар айналыс кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;
  • Ұлттық Банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлттық банк 500 теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір