Фото белсендінің facebook парақшасынан алынды

Сәрсенбіде тергеу соты қоғам белсендісі Әсия Төлесованы 10 тәулікке қамады. Белсенді сотынан тікелей эфирді күдіктінің анасы Жанар Жандосова жүргізіп отырды.

Төлесова билік өкілін қорлады (389-бап), билік өкiлiне қатысты күш қолданды (380-бап) деп айыпталуда.

Судья сот кезінде күдікті Төлесова жаңа құқықбұзушылыққа жол беруі мүмкін екенін мәлім етті.

Белсендінің адвокаты Әлімжан Оралбай шешім заңсыз екенін, тергеу мен прокуратура Төлесованың құқықбұзушылықты қайталауы мүмкін екенін растайтын материалды көрсетпегенін айтып, шешімге шағымданатынын жеткізді.

6 маусым күні Алматыдағы митинг кезінде "полиция қызметкеріне шабуыл жасады" деп айыпталып отырған Әсия Төлесова жағдайды былай деп түсіндірді.

"Қиылған бірнеше секундтық видеода менің жанымда тұрған полицейдің фуражкасын қағып жібергенім көрсетілген. Мен қоғамға еш қаупі жоқ, өз пікірін білдіру үшін митингке қарусыз келген азаматтарға полиция тарапынан жасалған адамгершілік пен заңға қайшы қарым-қатынасты көріп эмоциялық тұрғыда осылай жауап беріппін. Ұсталғандар арасында митингке келген қарт адамдар мен жастар ғана емес, жай ғана кетіп бара жатқандар да болды. Сондай жағдайдың бірінде азаматтарды автозакқа күштеп апара жатқанда біз құры қарап тұрмай, оған кедергі келтіргіміз келді. Бірақ бізді полицейлер итеріп, күш қолданды" деп жазған белсенді өзінің facebook-тағы парақшасында.

Ілмек сөздер: Әсия Төлесова митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір