Әлеуметтік желідегі парақшасынан
Әлеуметтік желіде алматылық қыз жігітінің бір жыл бойы өзіне қол көтеріп келгені, ақшасы мен телефонын тартып алғаны туралы жазба жариялады.
– Мен енді үнсіз отыра алмаймын!!! Бір жылдан бері жігітім мені ұрып-соғып, ақшам мен телефонымды тартып алып, өлтіремін деп қоқан-лоққы көрсетті. Мен өз өмірім үшін қорқамын. Егер де мен жоғалып кетсем, не қайтыс болсам, оған Ержан Абылхас Бауыржанұлы кінәлі. Өтінемін мұны тоқтатуға көмектесіңіздерші!, – деп жазды ол парақшасында.
Алматы полиция департаменті қыздың 10 маусымда арыз жазғанын айтты.
– Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау, кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі, – деп мәлімдеді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір