• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:38:06
Алматы
+35°
Ұлттық бірыңғай тестілеуді 20 маусым мен 05 шілде аралығында өткізу жоспарланып отыр. ҰБТ тапсыру рәсімі өзгертілмейді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында ШҚО-дағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутов мәлім етті.
 
Департамент басшысының айтуынша, коронавирус пандемиясы салдарынан ҰБТ тапсыру үшін құжаттар дәстүрлі нысанмен қатар онлайн тәртібімен қабылданған, бұл тәжірибе өткен жылы да жүзеге асырылған екен.
 
- Биылғы жылы 131 мың өтініш берілді. 2019-2020 оқу жылының соңында облыс мектептерінде 8 204 түлек бар, оның 84,4% (6 921 түлек) ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Ереже бойынша бағалау өзгермеген, міндетті және бейінді пәндер бойынша жүргізіледі. ЖОО қабылдау рәсіміне жаңашылдықтар енгізілді. Соған сәйкес оқуға түсуші шектік ұпай ала алмаса, бірінші  сессия аяқталған уақыт аралығына дейін ақылы бөлімге оқуға тапсыруға құқылы. Бұдан әрі, студент жыл аралығында тест тапсыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ ҰБТ нәтижесі бойынша сертификаттар қағаз түрінде емес, электронды нұсқада беріледі, - деді Зейнеп Махсутова.
 
Брифинг барысында департамент басшысы тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған және өз орнына «бөтен тұлғаны» кіргізуге талпынған түлек сол тестілеуге жіберілмейтінін және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыра алмайтынын атап өтті.
 
- ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін бейнебақылау жазбалары талданады, түсушінің тыйым салынған заттарды  пайдаланғаны анықталған жағдайда оның ҰБТ мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады, - деді Зейнеп Махсутова.
 
Ағымдағы жылы шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты ата-аналар, педагогтер, бөгде адамдар ҰБТӨП ғимараттары аймағына жіберілмейді. ҰБТ қатысушылар арасында, баланың қозғалыс жолында, аудиторияларда сары жолақты бөгеттермен белгіленген 2 метр қашықтық сақталады. Санитарлық шаралар күшейтіліп, талапкерлер 5 түрлі залалсыздандырудан өтеді. Департамент басшысы осылай дейді.
 
- Осындай үлгідегі зарарсыздандыру талаптарынан ҚР БҒМ өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері және басқа да тұлғалар өткізіледі. Екі метр арақашықтықты сақтау үшін аудиториядағы талапкер саны азаяды. Бастысы, жергілікті атқару органдары мен ҚР БҒМ өкілдері тарапынан түлектердің қауіпсіздігіне байланысты қажетті шаралар толық қабылданады, - деді Зейнеп Махсутова.
 
ШҚО ақпарат орталығы
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО ҰБТ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір