• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:37:19
Алматы
+35°

Әлем коронавируспен күресте тағы бір ауыр кезеңге жетті. Бейсенбіде дүниежүзі бойынша СОVID-19 жұқтырғаны расталған адамдардың саны 7 миллион 360 мыңнан асты. Ең көп вирус жұқтырған ел АҚШ-та аурулар саны 2 миллионнан асып түскен. Бұл туралы Қамшы тілшісі Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сілтеме жасап хабарайды. 

Америкалық университеттің мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны 416 мыңнан асқан. Көз жұмғандардың төрттен бірі Құрама Штаттарда тіркелген, атап айтқанда онда 112 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Ал Қазақстанда 13 мың 558 адамның коронавирус жұқтырғаны расталып, 67 адам COVID-19 себебінен көз жұмған.

Алайда көптеген сарапшылардың пікірінше, бұл сандар шынайы жағдайдан әлдеқайда аз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус әлем

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір