• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:11:36
Алматы
+35°

Британиялық The Independent басылымы Мәскеуде коронавирустан қайтыс болған мыңдаған адам өлімінің тіркелмегенін мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды.

– Ресей журналисі мамыр айында Мәскеуде алты мыңға жуық адам қайтыс болғанын хабарлады, – деп жазды британиялық басылым.  

The Independent-тың ақпаратынша, «Эхо Москвы» радиостанциясының редакторы Алексей Венедиктов Мәскеуде қаза тапқандардың саны 15 700-ге жеткенін жариялаған. Бұл үш жылдық орташа көрсеткіштен 60 пайызға жоғары.

– Егер бұл сан шын болса, ресми статистикаға күмән туады. Ресми статистика бойынша мамыр айында Covid-19 бойынша 1474 өлім тіркелген, – деп жазды The Independent. Басылымның талдау жасауынша, бұл статистикалар Мәскеуде коронавирустан өлген мыңдаған адамның тіркелмегенін білдіреді. 

Газеттің ақпаратына сәйкес, Ресей бұған дейін "ресми статистика коронавирустық өлімнің нақты санын төмендетіп көрсеткен болуы мүмкін" деген мәлімдемеге шамданып жауап қайтарған. Осы аптаның басында, CNN-ге берген сұхбатында Кремль өкілі әлемдік тенденцияларға сәйкессіздік тек ресейлік медицинаның «тиімділігіне» байланысты екенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәскеу статистика

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір