Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Тілеуханның өзі Instagram парақшасында жазды.
"Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін" деп жазды депутат.
Қазақстанда бұған дейін де бірнеше шенеунік COVID-19 вирус жұқтырған. Олардың арасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов бар.
Пікір қалдыру