• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:53:03
Алматы
+35°

Қостанай облысында күйеу баласын өлтірген бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқанов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Спортшы 2018 жылдың 11 шілдесінде Алтын Дала ауылында қарындасының күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта оған үкім шықты. Сот оны ақыл-есі дұрыс емес деп таныды.

"Сот Аслан Мұқановтың қабілетсіз жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағанын дәлелдеді. Оны іске қабілетсіз деп тану туралы қаулы шығарылды. Мұқанов ҚР ҚК 16-бабы негізінде қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде есі кіресілі-шығасылы жағдайда болуына байланысты қылмыстық жауаптан босатылып отыр" делінген сот үкімінде.

Ол Алматы облысындағы сот-психиатриялық стационарында қажетті ем шараларын алады. Боксшының созылмалы психикалық ауруы бары анықталды.

Еске сала кетейік, боксшы А. Мұқанов 2019 жылдың шілде айында қамауға алынған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір