• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:27:45
+35°

Ақтөбеде Алға ауданының үш елді мекеніне газ келді. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қарақобда, Тікқайың, Көктоғай ауылдарында болды. Ауыл округтеріндегі   көгілдір отын пункттерінің ресми ашылуына қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. 

gr4

Президент Қасым- Жомарт Тоқаетың  тапсырмасы негізінде елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, халықтың жағдайын жақсарта түсу мақсатында біздің Ақтөбе облысында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтары газбен 100 пайыз қамтамасыз етілді және бұл жұмыс енді елді мекендерді газбен көбірек қамту бағытында жүргізілуде. Біз бұл мақсатта бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз, яғни газ тартуға бюджет қаржысын жұмсаумен қатар ірі газ беруші компаниялармен келісім жасау арқылы олардың өз қаржысы есебінен де газ тарту жұмыстары жүргізіліп отыр, - деді аймақ басшысы.

greghtrt

Облыс әкімі  Қарақобда ауылының тұрғыны   Мұхамбетжан Зілдеев, Тікқайың ауылының тұрғыны  Александр Другалов, Көктоғай ауылының тұрғыны Савченко Татьянаның  жеке тұрғын үйлеріне  тартылған газды тұтату рәсіміне қатысты.Өңір басшысы бұдан соң, Тікқайың негізгі  мектебінің жағдайымен танысты. 1963 жылы салынған бір қабатты нысан күрделі жөндеу көрмеген.2017 жылы шатыры ауыстырылған.   

i776

Ауылға табиғи газ келгендіктен болашақта тұрғындар санының артуы күтіледі.  Осыған орай, облыс әкімі кең әрі заман талабына сай мектеп салу мәселесін қарастыру   қажеттігін айтты.Қарақобда ауылына ауылішілік газ құбырының құрылысына  143,6 млн.тг, Тікқайың ауылына ауылішілік газ құбырының құрылысына  129 млн 527 мың тг, Көктоғай ауылына ауылішілік газ құбырының құрылысына 100 млн 489 мың теңге қаражат жұмсалды. Алға ауданындағы  30 елді мекеннің 17-і көгілдір отын пайдалануда, бұл жалпы халық санының 91,7% немесе 37,5 мың адамды құрайды.Орталықтандырылған ауыз сумен 17 елді мекен қамтамасыз етілген. Бұл жалпы халық санының 92,6%.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір