Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының алдын алу үшін дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатқандығын Іnstagram жазды.
– Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қалада барлық жағдай жасалуда. Соның бірі – қоғамдық кеңістікті дезинфекциялау. Көшелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, медициналық мекемелердің аумақтары, жаяу жүргіншілер жолы, жалпы жұқтыру қаупіне ие барлық заттар залалсыздандырылуда, – деді Сағынтаев.
Сонымен қатар, күн сайын 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула, соның ішінде балалардың ойын және спорт алаңдары дезинфекцияланып жатқынын атап өтті.
– Бұған 75,4 мың литр ерітінді жұмсалады. Ал бұл жұмыстар 450 дезинфекциялық компания қызметкерлерінің күшімен атқарылады. Болат Садыков сынды қарапайым жігіттер COVID-19-дың таралуына қарсы іс-қимылда белсенділік танытып жүр. Біз де жауапкершілік танытайық, – деп жазды шаһар басшысы.
Пікір қалдыру
пікір