• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:50:09
Алматы
+35°

Люка Анчески – Глазго университетінің Орталық Азияны зерттеу бойынша профессоры. Жақында оның "Analysing Kazakhstan's Foreign Policy. Regime neo-Eurasianism in the Nazarbaev era" ("Қазақстанның сыртқы саясатына сараптама. Назарбаев дәуіріндегі неоеуразияшылдық") атты кітабы жарық көрген. Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен кеткеннен кейінгі бір жылда Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы өзгерістер жөнінде ол Азаттық Радиосына берген сұхбатында айтты.

Сарапшы президен саясаты көп жағдайда сабақтастыққа құрылатынын атап өтті.

– Тоқаев саясаты мұның алдындағы Назарбаевтікінен бәлендей өзгеше болады деп айта алмаймын. Көп жағдайда сабақтастықты көреміз. Тіпті оның сіз назар аударған Еуразия одағына қарсы жария мәлімдемесі – келіссөз тактикасының бір бөлігі. Бұдан жасырын мән-мағына іздемес едім. Тіпті Қырым [аннексиясына] ашық қарсы шығудан қашудың өзі де – екеуінен бірдей қашықтық ұстау саясатының жалғасы. Ресей мен Қытайдың арасындағы тепе-теңдік – өте күрделі мәселе. Үкімет қашықтықты сақтау міндетін өте жақсы орындап отыр. Бірақ бірдей қашықтық ұстау деген – көпвекторлық емес. Ұлы державалармен бірдей деңгейде қарым-қатынасты ұстап тұру деген олармен қоян-қолтық достық орнады дегенді білдірмейді. Меніңше, билік "көпвекторлық" дегенде Қазақстанның ұсыныстарды қабылдауға ашық екенін меңзесе керек. Олар мұны көпвекторлық деген соң біз де солай атауға дағдыланып кеткенбіз, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір