15 Маусым, 2020 NEWS

Алматыда жануарлар құқығын қорғауға арналған митинг өтеді

kaztag.kz

Алматыда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңның қабылдануын қолдауға арналған митинг өтеді, деп хабарлады КазТАГ.

"Достар, осы сенбі күні Алматыда бейбіт митинг өтеді. Митинг қала әкімдігінің келісімімен болады. Басты талап – жануарларға жауапты қарау үшін тағайындалатын жазаны күшейтуді талап ету", делінген хабарламада.

Митинг 2020 жылдың 20 маусымында 12:00-ден 15:00-ге дейінгі аралықта Алматыдағы М.Ганди атындағы саябақта өтеді деп жоспарланып отыр.

Митингке шыққысы келетіндерге жеке қорғаныс құралдарын ала келу (маска мен қолғап), өзін нашар сезінген немесе созылмалы аурулары бар адамдар келмегені дұрыс, қашықтықты сақтау, балаларды алып келмеу деген секілді талаптар қойылған.

Ілмек сөздер: Алматы митинг ит

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір