16 Маусым, 2020 NEWS

Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды

Суретте Ғалымжан Ниязов

Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязовқа өңір басшысы Серікбай Тұрымов ескерту жасап, сөгіс жариялады. Бұл туралы inaktau.kz хабарлады. 

Ниязовқа сөгіс қалада жасыл көшеттерді уақтылы отырғызбағаны үшін жарияланған.

Серікбай Тұрымовтың айтуынша, облыс орталығының әкімі міндеттер мен тапсырмаларды дұрыс деңгейде орындамай жүр.

Сондай-ақ дереккөз мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоқыс, санитарлық тазалау, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері үшін Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтізаровқа да сөгіс жарияланғаны белгілі болды.

Ілмек сөздер: Ақтау әкім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір