• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:57:10
Алматы
+12°

Қарағанды облысының тұрғыны, белсенді Ғалы Бақтыбаевты тапсырыспен өлтірді деп айыпталған күдікті Иман Мияшов өзіне тағылған айыпқа қарсылық ретінде аштық жариялады. Қарағанды тергеу изоляторында жатқан күтіктінің туыстары Қазақстан билігін жағдайға араласуға шақырды.

– Ұлымды бір жылға жуық қамауда ұстап отыр. Полиция оны кісі өлтірді деп айыптайды. Ол күні балам үйде болмады, досымен бірге туған күн тойлаған, оның ешқайда бармағанын растайтын куәгерлер бар. Президенттің мені естуін және араласуын өтінемін, – дейді кісі өлтірді деп айыпталған Мияшовтың анасы Ләззат Қасымова.

Облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің айтуынша, тергеу бойынша қамауға алынған Мияшовтың тамақтан бас тартып, тек су ішуге болатын аштық жариялағаны туралы мәлімдемесі 4 маусымда түскен.

"Ер азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, медицина қызметкерлерінің бақылауында. АК-159/1 мекемесінде екі рет өзінің денсаулығына қасақана зақым келтірген, екі жағдайда да оған мекеме жағдайында медициналық көмек көрсетілді. Аурухануға жатқызуға мұқтаж емес. Мияшов бұл әрекеттерін қылмыстық істің тергелуімен келіспейтінін білдіру үшін жасағанын айтады. Мекеме әкімшілігіне шағымы жоқ" деп жазды департамент бастығының орынбасары Бекболат Шәкіров ретінде.

Мияшов – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны белсенді Ғалы Бақтыбаевты өлтірді деп айыпталған төрт күдіктінің бірі. Ауданының әлеуметтік мәселелерін көтеріп жүрген белсендіні 2019 жылы 28 мамырға қараған түні өз үйінің алдында басына оқ атып өлтіріп кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір