• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:57:47
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданына жұмыс сапары барысында аудан тұрғындарының балабақша мен мектепте орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін шешу жолдарымен танысты.

Әуезов ауданының тұрғындары көтерген ең өзекті мәселенің бірі –мектептердегі орын тапшылығы. Бүгінгі күні ауданда 5365 орын жетіспейді. 6 мыңға жуық адам тұратын Мамыр ықшамауданында 1200 орындық мектеп салынуда. Б. Сағынтаев құрылыс алаңын аралап көрді және қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын, құрылыс жұмыстарының барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жаңа оқу жылында салынып жатқан осы мектепті және Ақсай-3а ықшамауданындағы №123 мектеп жанындағы 400 орындық қосалқы нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Бұлардан өзге, ағымдағы жылы бес мектеп жанынан жалпы сыйымдылығы 3550 орындық қосалқы нысандардың құрылыстары басталады. Олар – №6 мектеп іргесіне салынатын 900 орындық, №117 мектеп қасына салынатын 900 орындық, №133 мектеп жанынан бой көтеретін 400 орындық, №132 мектеп іргесіне салынатын 800 орындық және №121 мектеп қасынан салынатын 550 орындық нысандар. Осылайша, Әуезов ауданында мектептердегі орын тапшылығы іс жүзінде оң шешімін табатын болады.

Жалпы, қала бойынша мектептерде 30 мың орын жетіспейді. Халықтың саны өсуіне орай келер оқу жылында бұл көрсеткіш екі есеге артатын болады. Сондықтан 2020-2021 жылдары 16 жаңа мектеп және 23 қосалқы нысан салу жоспарланған, бұларда шамамен 47,5 мыңы орын болады. Яғни, оқушы орнының тапшылығы 80 пайызға қысқарады. Құрылыс ЖҚЖК, МЖӘ бағдарламалары мен жобалары және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша әрі жеке кәсіпкерлікті ынталандыру арқасында қарқынды жүруде.

Балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешуге тұрғын кешендерін салумен айналысатын кәсіпкерлер көмектесуде. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша ТК салу кезінде әлеуметтік нысандар үшін орындар бөлу міндетті түрде қарастырылуы тиіс. Бұл білім берудің қалалық мекемелеріне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді. «Үш сұңқар» ТК Ақсай-5 ықшамауданында құрылыс салып жатқан компания 115 орындық балабақша үшін арнайы орын бөлді.

Ауданда 16 584 баланы қамтитын 46 мемлекеттік және 122 жеке балабақша бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 63 жеке балабақша жұмыс жасауда. 2019 жылы мемлекеттік (120 орындық) және 25 жеке балабақша (400 орындық) пайдалануға берілген болатын.

2020 жылы тоғыз жеке балабақшаны ашу жоспарланған, бүгінгі күні олардың үшеуі (178 орындық) ашылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір