• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:07:40
Алматы
+35°

Қаржы министрлігі Өндірістік емес төлемдерді және арнайы салықтық режимдерді әкімшілендіру департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов Қазақстан аумағына Армениядан әкелінген автокөлік салығын төлеу рәсіміне қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Оның сөзінше, «Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес басқаруы сол жақта орналасқан көлігі бар қазақстандықтарға Арменияның уәкілетті органдарында тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанға әкелінген көліктер мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж төлей отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеледі.

Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, көлік құралын тіркеген жағдайда кедендік төлемдерді, механикалық көлік құралдарын алғашқы тіркеу үшін алымды және кәдеге жарату алымын төлеу қажет емес.

– Қазақстан аумағында тіркелген сәттен бастап автокөлікке салық төленеді. Себебі салық заңнамасына сәйкес жекеменшік құқығы бар жеке тұлғалар көлік салығын төлеушілер болып табылады, бұл ретте салық салу объектілеріне ҚР-да тіркелген және (немесе) есепте тұрған автокөлік құралдары жатады, – деп қорытты Д.Жарылғасынов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір