• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:50:16
Алматы
+35°

Ақпарат және қоғамдық даму министрі митингке қатысатын журналистерге ұсынылатын киімдер мен жаңа қағидалардың жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. 

Бекітілген қағидаларды талқылау үшін осы сілтемеге өтіңіз.

Пікір қалдыру

Ұсынылған қағидалар жобасы төмендегідей:

 "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат  құралы өкілі) қызметінің қағидалары.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкiлi) қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)  4-3-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес әзірленді  және бейбіт жиналыстарда болатын журналисттің (бұқаралық ақпарат құралы өкiлiнің) (бұдан әрі – журналист) қызмет тәртібін айқындайды.

2. Журналист бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзірлеу бойынша  өз қызметін жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтарға ие болады және міндеттерді атқарады.

2-тарау. Бейбіт жиналыстарда болатын журналисттің қызмет тәртібі

3. Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзірлеу бойынша өз қызметін жүзеге асыру кезінде журналисттің өзімен бірге журналист куәлігі болады, сондай-ақ ол Заңның 4-3 бабының 13-4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысаны бойынша бір немесе бірнеше айырым белгілерін тағуды жүзеге асырады.

4. Журналисттің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін (сұхбат алу, брифингтер) мынадай жағдайларда жергілікті атқарушы орган журналисттерді Бұқаралық ақпарат құралдары үшін жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

1) егер бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламада немесе келісуді алу туралы өтініште мәлімделген бейбіт жиналысқа қатысушылардың болжалды саны 200 адамнан асса;

2) бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті атқарушы органға жіберетін сұрау салуы бойынша.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуы бейбіт жиналыс өткізілетін күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде журналисттердің санын көрсете отырып, еркін нысанда жіберіледі.

5. Жедел баспасөз орталығы мынадай шарттарға сай келетін орын болып табылады:

1) лентамен шектеу;

2) фото-, бейнетүсірілім жасау және сұхбат алу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету;

3) электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;

4) журналисттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жедел баспасөз орталығында ішкі істер органдарының кемінде бір қызметкерін бекіту. 

6. Журналист бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдарды жинау, оларды өңдеу және әзірлеу бойынша өз қызметін Жедел баспасөз орталығының аумағында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырады.

7. Жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты өткізу кезінде өз өкілінің (бұдан әрі – Өкіл) қатысуын қамтамасыз етеді.

8. Өкіл мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) журналисттердің өтініші бойынша оларды Жедел баспасөз орталығына алып барады;

2) журналисттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіреді;

3) журналисттерге бейбіт жиналыстың ұйымдастырушылары мен қатысушыларынан сұхбат, түсініктеме алуға жәрдемдеседі;

4) бейбіт жиналыста көтерілген мәселелер бойынша анық ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғасының (бөлімшесінің) байланыс деректерін береді.

9. Журналисттерге кәсіби қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір