17 Маусым, 2020 Әлем
Қазақстанның туы бейнеленген дәретхана жабдықтары
Шетелдік Amazon сайтында Қазақстан Республикасының туы бейнеленген дәретхана жабдықтары сатылымға шыққан.
Сатылымға шыққан кілемшелердің бағасы 28,94 евро (13173 теңге).
Кілемшеден бөлек сайтта тудың суреті бейнеленген сөмке, бетперде, шұлық, қысқа шалбарлар және өзгеде дүниелер сатылады.
ҚР Қылмыстық Кодексiнің 372-бабы, яғни Мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы заңда:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау – екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады" делінген.
Алайда шетелдік сайттағы бұл тауарларға қатысты қандайда бір шара қолданылатыны я қолданылмайтыны белгісіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір