• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:49:28
Алматы
+35°

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» қорына қосымша тағы 4 млрд. теңге түсті. Бұл қаражат аса мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қор төрағасы Руслан Сакеевтің мәлімдеуінше, қаражат қоғам өміріне бейжай қарамайтын төрт азаматтан түскен. Олар өз есімдерін атамай-ақ қоюды қалаған. Жалпы, Елбасының үндеуіне қолдау білдірген меценаттардың арқасында «Birgemiz» қорының есепшотында 28,5 млрд. теңгеден астам қаражат жинақталған.

Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша осы қаражат есебінен бүгінгі таңда 470 мыңнан астам отбасы немесе 1,6 млн. қазақстандық атаулы көмекпен қамтылды. 23 қаланың және оларға іргелес ауылдар мен елді мекендердің аса мұқтаж отбасылары 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды.

Сонымен бірге коронавируспен күреске жұмылдырылған 2 мыңнан астам медицина қызметкері де қор қаражатынан 50 мың теңгеден алды.

«Jas Otan» волонтерлары қорғанысы әлсіз 100 мыңнан астам отбасыға «Birgemiz» қорының қаражатына сатып алынған 5 миллион масканы тегін жеткізіп берді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына арналған жаңа үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұр Отан Birgemiz

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір