• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:49:15
Алматы
+35°

Серікбай Трұмов

Шөлейтті аймақта орналасқан Маңғыстаудың кейбір аудандарында өңір тұрғындарын көктем және жаз мезгілінде ауыз сумен қамту өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, суару маусымында сұраныстың көптігіне байланысты зауыттарда ауыз суды өндіру көлемі жеткіліксіз. Сондықтан кейбір елді мекендерді 100 пайыз сумен қамту мүмкін болмай тұр. Тіршілік нәрін бәріне тең үйлестіру үшін тұрғындар тығыз орналасқан қала, аудандарда ауыз су кесте бойынша беріледі. Мәселен, Ақтау қаласын сумен қамтып отырған МАЭК тәулігіне 50 мың, ал «Каспий» су тұшыту зауыты 20 мың текше метр су шығарады. Қазіргі уақытта бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын 23000 м3 дейін арттыру жұмыстары басталды. Суы тапшы өңірде ауыз суды табу және оны тиімді пайдалану – басты мақсат. Облыс әкімі Серікбай Трұмов  судың көлемін көбейту бағытында жүргізіліп жатқан жаңа жобаларды атап өтті. су

 Аймақ басшысының айтуынша, Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес «Каспий» су тұшыту зауыты жанынан 20 мың текше метр су қондырғысын орнатып, зауыттың қуаттылығын ұлғайту жөнінде жоба жасақталуда. Құрылыс жұмыстары аяқталса, келер жылдың аяғында Мұнайлы ауданы толықтай сумен қамтылатын болады. Ал, Кендірлі курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50 000 м3 су тұшыту зауыты құрылысын салу жобасы іске асырылмақ. су Қазіргі таңда қажетті құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды. Нәтижесінде, Жаңаөзен қаласының тұрғындары толықтай ауыз сумен қамтылады. Бұл жұмыстарды «ҚазМұнайгаз» АҚ жүзеге асырады деп күтілуде. «Сонымен қатар «Қаражанбас» кен орнында су тұшыту зауытының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір жарым жылда жаңа зауыттың құрылысы аяқталса, аталған кен орынның сумен қамтылу мәселесінің шешілуіне сеп болмақ. Сондай-ақ Қиғаш-Маңғыстау арқылы пайдаланып отырған кен орынның 17000 м3 суын, өңір тұрғындарына жіберу  мүмкіндігі пайда болады. су

Жалпы облыс көлемінде судың көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жасалып жатыр. Осы жобалар жүзеге асса, облыста ауыз су тапшылығы толық  жойылады» деді өңір басшысы Серікбай Өтелгенұлы.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі су

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір