• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:52:07
Алматы
+35°

Ақтөбелік волонтерлардың еңбегі еленді

Ақтөбелік волонтерлар «Biz Birgemiz» республикалық акциясы аясында 10 мыңға жуық отбасыға көмек көрсеткен. Жастардың бұл еңбегі елеусіз қалған жоқ. Бүгін партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин ең белсенділерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты шара барысында Оңдасын Оразалин «Jas Otan» жастар қанаты 500-ден астам еріктіні игі істерге жұмылдырып, жалғыз басты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп бергенін атап өтті. Одан басқа жасотандықтар Мақтарал ауданы тұрғындарына қажетті  заттарды  жөнелтуге қол ұшын созған. акт

Оңдасын Оразалин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Партия Төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан мұқтаж жандарға қолдау көрсетілгенін айтты. Бүгінге дейін облыс қалаларының 24 мыңнан астам  тұрғыны 50 000 теңгеден жалпы сомасы 1,2 млрд теңге көмек алған. Алдағы уақытта бұл көмекпен Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қобда, Қарғалы, Мартук, Темір және Ойыл аудандарына қарасты 20 ауылдық елді мекеннің 4,5 мыңға жуық  тұрғынын қамту қарастырылуда.

-Қоғамдық қордың көмегі аз қамтылған отабысыларға, мүгедектерге, жалпы көмекке мұқтаж адамдарға үлкен демеу болды. Ол Елбасының партияның Лидері ретінде берген тапсырмасына сәйкес істелген жұмыс. Еріктілеріміздің демалыс күндеріне қарамай, елеулі еңбек еткендерінің арқасында құны 152 млн. теңгенің азық-түлігі мұқтаж жандарға таратылды. Оның бәрін үлестірген, жеткізген өздеріңізсіздер, - деді партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы. акт

Осы аптаның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттарымен республика бойынша үш мыңдай қазақстандық марапатталады. Олардың арасында Ақтөбеден 300 еріктілер мен белсенділер бар.

-Маған қазақ халқының осындай қиын кезде ұйымшылдығы ұнайды. Бүгінгі тірлігіміз «асар» дәстүрінің жарқын көрінісі. Біз үш бойы тұрақты түрде қиындыққа тап болған отбасыларға азық түлік, медициналық маскалар тараттық. Бұл игі істі әлі де жалғастырамыз. Еңбектенуді ерте бастаған аудан жастары қиындықтан қорықпайды, тайсалмайды. Біз  әрдайым Елбасының бастамасымен еліміздің гүлдену жолында еңбектенуге даярмыз, - деп Мәртөк ауданынан келген волонтер Артем Райзих өз ойымен бөлісті. актакт

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір