• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:52:18
Алматы
+35°

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиеев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағанын жеткізді.

"Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді.

Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін.

Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін" делінген жеделхатта.

Еске салайық, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатқаны хабарланған. Оның коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір