• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:40:44
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны сотталған қызын босату үшін пара берді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

– 15 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері елордалық әйелге қатысты тергеу амалдарын бастады. Ол қызын түрмеден шығару үшін 7 миллион теңге пара бермек болған. Ол бұл ақшаны пара ретінде жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаға беретінін айтқан, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сот пара Нұр-Сұлтан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір