• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:56:42
Алматы
+35°
Түркістан облысының полицейлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алты есірткі алқабын анықтады. 1 маусымда басталған кең ауқымды шара 31 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлады Iшкi iстер министрлiгiнің ресми сайты.
 
Шара аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесе отырып, шекара маңындағы аумақтарды, таулы және жазық жерлерді, сондай-ақ өзендердің жағалауларын аралап шықты. Отырар ауданының аумағында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, Маятас ауылынан 10 шақырым жерде 30 шаршы метр аумақтағы қарасора есірткі заты анықталды. Жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер ретінде құрамында есірткі бар 1200 түп өсімдікті алып, сараптамаға жіберді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Түркістан қаласының тұрғынын ұстаған. Ұсталған күдіктінің үйін тінту кезінде одан құрамында есірткі бар қарасора өсімдігінің ұрығы, таразы және басқа да айғақты заттар тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлімі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған бес егістікті тауып, жойды.

Жедел уәкілдер есірткі егетіндерден құрамында есірткісі бар жалпы жиынтығы 1000-нан астам түп сора өсімдігін тәркіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір