20 Маусым, 2020 NEWS

Алматыда ертеңгі ҰБТ-ға дайындық қалай?

kt.kz

21 маусым күні Қазақстанның барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Алматы қаласында бірінші легке енген 235 адам емтиханды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тапсыратын болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің COVID-19 инфекциясының таралу қаупін азайтуға байланысты бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-де тест тапсырушыларға дезинфекциядан өту үшін 5 кезеңнен тұратын барлық жағдайлар жасалған: - баррикадалық шектеу ленталары орнатылды және тест тапсырушылар арасында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау үшін сынаққа қатысушылар саны екі есеге азайтылды (50 пайызға).

Ол үшін 15 аудитория әзірленді;

  • тепловизорлар;
  • бактерицидті лампалар және әрбір аудиторияға ауа рециркуляторы;
  • тест тапсырушылар үшін қарапайым маскалар;
  • дезинфекциялау түнелі;
  • жедел жәрдем көлігі;
  • дензинфекциялық төсеніштер;
  • қолданылған маскаларды жою үшін жәшіктер;
  • санитайзерлер;
  • медпунктте маскалар мен салфеткалар қоры;
  • мемлекеттік комиссия мүшелері үшін маскалар;
  • барлық аудиторияда бейнебақылау камералары орнатылған.

Тест өткізілетін күндері ТҚСҚБД қызметкерлері ҰБТ өткізу пункттерінің санитарлық- пидемиологиялық жағдайын бақылайтын болады.

Еске сала кетейік, Алматыда барлығы 14 972 адам тест тапсырады деп жоспарлануда. Соның ішінде 9 047-сі (97%) биылғы жылдың түлектері болса, 5 925-і өткен жылдардың және колледждердің түлектері.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Ұлттық бірыңғай тест өткізуге дайындық барысындағы кемшіліктер туралы айтқан болатын.

Биылғы ҰБТ-ға 4-тоқсандағы оқу бағдарламасы енгізілмейді. Коронавируске шалдыққан сынақ тапсырушылар үшін қосымша аудиториялар дайындалды. Сондай-ақ түлектер ҰБТ-ны қай күні және қайда тапсыратынын Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан және арнайы мессенджерден біле алатыны хабарланды.

 

Ілмек сөздер: Алматы ҰБТ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір