24 Маусым, 2020 NEWS

Арыстағы 12,5 тонна оқ-дәрі жаңа сақтау нысандарына көшіріледі

inform.kz

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары Руслан Шпекбаевтың айтуынша, бүгінгі күні Арыс қаласында 12,5 тонна оқ-дәрі сақталған.

– Қазіргі таңда Арыс қаласында 12,5 тонна оқ-дәрі сақтаулы жатыр. Аталған оқ-дәрілер республика аумағында 2 жаңа сақтау нысанының құрылысы біткеннен кейін жедел түрде тасымалданады, – деді ҚР ҚК оқ-дәрілер Бас басқармасының оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының бастығы Нұрәлихан Асанов ОКҚ-дағы бапсасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жару жұмыстары тек жұмыс күндері – дүйсенбі мен жұма аралығында күніне сағат 12.00-де және 16.00-де екі рет жүргізіледі.

– Жару жұмыстарының өтетіні жайлы алдын ала барлық БАҚ арқылы ескертіліп, жұмыстары жүргізілуде, – деді ол.

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, жоспарлы жарылыстарды жүргізу алдында әскерилерден хабарлама келіп түсетінін айтып өтті.

– Біз хабарламаны бір апта бұрын БАҚ арқылы таратамыз. Жарылыстың қай уақытта және қай орында болатынын хабарлаймыз. Хабарламаны тарату кезінде бүкіл байланыс құралы интернет те, телевидение де, тіпті дауыс үдеткіш құралдарды да пайдаланамыз. Арыс тұрғындары бұл жағдайға түсіністікпен қарап отыр, – деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір