24 Маусым, 2020 Аймақтар

Маңғыстаулық азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

qamshy.kz

Маңғыстаулық азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті еңбек етіп жүрген пандемиямен күресте ерекше үлес қосқан азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 19 маусымдағы жарлығы бойынша «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды. ТЖ мен карантин кезінде қауіпті індетпен күресте еңбегімен еленген маңғыстаулық 7 азаматқа облыс әкімі  Серікбай Трұмов ”Біз біргеміз” онлайн форумында осы марапатты табыстады.

шошщ

лщзхлэ

Олардың қатарында белгілі журналист «Хабар» телеарнасының Маңғыстау облысы бойынша тілшісі, «Қоғамдық коммуникация орталығының» директоры  Әбішева Гүлмира Айткенқызы, №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мейірбикесі Төребаева Ағимаш Ауғанқызы, Медицина қызметкері «SofieMedGroup» көпсалалы  клиникасы  ЖШС директоры Мұхаметов Аймет Полатұлы, Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының испекторы Бауенов Серік Айтбайұлы, Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының испекторы Аманбаев Шоқан Маратұлы, Коммуналдық қызметкер «Каспий жылу, су арнасы» МКК жылу, сумен қамту учаскесінде апат жұмыстарын қалпына келтіру слесары Тәжібаев Ғалымжан Жамбылұлы және Мәдениет қызметкері Сапарова Злиха Тенелбайқызы бар.

пп

иол

ьтлт

Айта кетейік алдағы уақытта дәл осындай медальмен 109 маңғыстаулық марапатталатын болады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір