• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:26:02
Алматы
+35°
 
Түркістан облысының полицейлері туысын түрмеден шығарып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің сайты хабарлады.

"Төле би аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзіне жақсы таныс емес адам, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған қайнысын түрмеден босатып беремін деп алдап, сеніміне кірген. Содан тұрғын алаяққа алданып, бірнеше бөліп ақша бергенін, әні-міне шығарады дегеніне сенгенін, осылайша жылға жуық уақыт өтіп, енді полицейлерден басқа ешкім күдіктіні ұстай алмайтынын айтып, көмек сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Төлебилік тұрғынды алдап түсірген алаяқты анықтап, ұстау мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімінің полицейлері жедел-тергеу тобын құрған. Нәтижесінде алаяқтың жеке-басы анықталып, үйіне келген жерінен ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті жәбірленушімен кездейсоқ кездесіп қалғанын, әңгіме арасында сотталған қайнысын шығара алатынын айтып, алдап, одан ақша алғанын толық мойындаған. Күдікті өз сөзінде осы қылмысты ақша қажет болғандықтан, оңай жолмен олжалы болу мақсатында жасағанын жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары "Алаяқтық" бабымен жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданған" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алаяқтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір